Болашақты жасымда болжадым ба

        Болашақты
жасымда болжадым ба,

Онша шаруам
болмапты ол жағында.

Қарттық деген
шақырмай кеп қалғандай,

Қашпа менен, Құлтай-ау, бол жанымда.

Егін пісті,
піскен соң салдым ба орақ,

Әрекетімді ұнатты әркім қарап.

Жас кезімде
жанымнан қалмаушы едің,

Көлеңкемдей
көлбендеп алдымды орап.

Енді неге
қашасың, енді неге,

Бар едің-ау сен
қысыр әңгімеге.

Бала едің-ау
өзің де

өркен жайған

Бұл өмірден
көңілім қалды деме

Сондағыңдай еміреніп сүй өмірді,

Жасып өзің,
жасыпта сүйегімді.

Өзіміздің
Сапаргүл келіндей боп,

Көтере біл ту
ғылып күйеуіңді.

Бой жазайын
бойымда бәрі бардай,

Не іздесем,
барлығы табылардай.

Сен қартайсаң,
Күлтәй-ау, боздаймын мен

Жүк артудан
босаған кәрі нардай.

Автор: